Астанада ертең жылу қосылады

Астана қаласындағы Жылу маусымын өткізу қағидаларын бойынша сыртқы ауа температурасы орташа +10 °С және одан да төмен болғанда бес тәулік ішінде жергілікті  атқарушы органмен жылу маусымын бастау туралы шешім қабылданады. Осы қағидаларға сәйкес, осы маусымда жылуды қосу мерзімі 27 қыркүйекте басталады. Алайда сыртқы ауаның оң температурасының өсуімен бұл мерзімдер түзетілуі мүмкін, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына (балалар бақшалары, мектептер, басқа балалар және оқу орындары, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары) жылу беру жүзеге асырылады. Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша дайындық паспорттары болғанда жеке үйлерге де бір уақытта жылу беруге дайын.