Астанада есік аузындағы қарды тазаламаған кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр

Бүгін жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметі рейдке шығып, тазалыққа мән бермейтін бизнесмендерді ұялтты. Себебі мейрамхана, қонақүй, сауда үйлері, дүкен, дәріхана қожайындары ақша табуды жақсы білгенімен, есігінің алдына қар үйіліп мұз боп қатып қалған. Айналасын тазарту ойларында жоқ. Оларды тәртіп сақшылары айыппұл салып, тәубесіне түсіріп жатыр. Аршылмаған қар үшін астаналық кәсіпкерлер екі аптаның ішінде 1 жарым миллион теңге төлеуі керек. Айыппұл 200 мың теңгеге дейін жетеді. Қалталары жұқарған бойда, бизнесмендер қолдарына дереу күректерін алуға кірісті. 

Loading...