Астанада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды

“Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді”, – деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.