Бұл шараны Әлемдік банктің қолдауымен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті ұйымдастырып отыр. Семинарға ЕурАзЭҚ-қа мүше Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің кедендік қызметінің сарапшылары қатысуда. Сондай-ақ, оған ЮСАИД, Азия даму банкі, ҚР қаржы полициясы академиясының ғылыми қызметкерлері қатысуда.
Бұл - Әлемдік банктің қолдауымен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті ұйымдастырып отырған екінші семинар. Сарапшылардың осындай алғашқы кеңесі 2003-жылдың қараша айында өтті.
ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетовтың мәлімдеуінше, "осы жолы тәуекелдерді бағалау және басқарудың ұлттық жүйелерін қолдану барысында жинақталған тәжірибеге баса назар аударылады".
Семинар-кеңес соңында қорытынды құжат қабылданады.