"Біз жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 12-наурызда республика жоғарғы оқу орындарының бірін бітіргені туралы жасанды диплом сатпақ болған Еуразия университетінің 4-ші курс студентін құрықтадық",- деді А. Кәрімов. Оның сөздеріне сүйенсек, "жасанды диплом өте жоғары сапалы жасалған".
Департамент бастығы тергеу мүддесіне сәйкес дипломы жасанды жасалған жоғарғы оқу орнының атын атамады. "Біз әзірге жоғарғы оқу орнының атауын айта алмаймыз, бұл іске қытысы бар нақты мәліметтер мен тұлғаларды анықтаймыз. Әзірге сатып алушының Астанадан емес екендігін ғана айта алам",- деп қосты А. Кәрімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті