Астанада EXPO-2017 көрмесі қарсаңында қосымша 2,5 мың бейнекамера орнатылмақ

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

«Астанада EXPO-2017 көрмесіне дайындалу және өткізу шеңберінде қосымша 2,5 мың бейнебақылау камерасы орнатылмақ», - деп министр бүгін мәжілісте үкімет сағатында атап көрсетті.

Министрдің мәліметі бойынша, қазіргі кезде республика бойынша адам көп жүретін жерлерде, аулаларда 2,7 мың бейнебақылау қондырғысы орнатылған, оның ішінде Астанада - 694, Алматыда – 156. Олардың көмегімен шамамен 290 мың тәртіп бұзушылық анықталып, 1,7 мыңнан астам қылмыс әшкереленді.

Министр полиция қызметкерлерін бейнетіркегіштермен жабдықтау шарасы қабылданып жатқанын айтты.