Астанада "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі басқа бір көлік апатының орнында жұмыс істеп жатқан жол полициясы қызметкерлерін соғып кетті. Бір адам қаза тапты

Бұл жол апаты 28-қазанда 10 сағат 35 минутта болған. Осы оқиғадан бір сағаттан кейін апат орнында жұмыс істеп жатқан жол полициясының оперативті тобының адамдары мен оқиға куәгерлерін "Фольксваген-Пассат" автокөлігінің жүргізушісі қағып кетті. Апат салдарынан түрлі жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды. 29-қазан күнгі таңертеңгі жағдаймен апаттан зардап шегушілердің бірі жарақат салдарынан қайтыс болды.