Астанада фонтанның мыстан құйылған бөлшегін ұрлаған жігіт қолға түсті


-Түнде келдім. Анау талдардың арасында тұрдым, жан-жаққа қарап ем, ешкім жоқ екен. Фонтан өшіп тұрды. Бір апта бұрын  пәтерден шығып кетіп едім, ақшам болмай. Содан осылай оңай ақша таппақшы болдым.

Кейін ісіне өкінген жігіт бір емес, фонтанның басындағы мыстан құйылған 13 бірдей бөлшекті жұлып әкеткен. Сөйтіп әрқайсысын түрлі-түсті металл қабылдайтын орталыққа 1 мың теңгеден өткізіп жіберіпті. Ұрыны таяқ тастам жердегі полиция бекеті мен қырағы күзетілетін басты алаңдағы  жағалай орнатылған камералар да селт еткізбеген. Бірақ сол камераға түсіп қалған кескін-келбеті арқылы оны тәртіп сақшылары тез тауып алды. Енді фонтанды қалыпқа келтіру үшін жарты миллион теңгені өз қалтасынан төлеуі тиіс. Тіпті 3 жылға абақтыға жабылуы мүмкін.