Астанада газ құбырының жарылуы салдарынан төрт тұрғын үй газ қамтамасыздығынан тыс қалды

ТЖМ мәліметінше, Астанадағы Иманов көшесінде 22 маусымда 10 сағат 15 минутта "Астана Горкоммунхоз" АҚ қызметкерлері аумақты жайластыру жұмыстары кезінде газ құбырын жарып алды, соның салдарынан Республика даңғылындағы үш, Иманов көшесіндегі бір тұрғын үй газдан ажыратылды. Төтенге жағдайдың зардабын жоюға "Газ-Қызмет" ЖШС-нің апаттық тобы жұмылдырылды.