Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Астана тұрғындары биыл 7 наурыздан бастап «Астана қаласының орталық газбен қамту» ЖШС-нің газбен қамтамасыз ету қызметі үшін ҚҚС есептегенде мынадай баға бойынша төлейтін болады: есептеу құралы болған жағдайда – бір текше метрі 314,25теңге, бұл бұрынғы бағадан 16,89%-ға кем, есептеу құралы болмаған жағдайда бір айда адам басына 672,61 теңге, бұл алдыңғы бағадан 16,89% төмен", - делінген хабарламада.
"АстанаГазСервис" АҚ-ның "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ сұйық мұнайлы газын көтерме сату бойынша бағасы 40,83%-ға арзандады.
"Бейбарыс Газ" ЖШС үшін бағаның арзандауы автокөлікке жанармай құюға арналған сұйытылған мұнайлы газды бөлшек сату бағасы ҚҚС есептегенде 43 теңгені құрады, немесе 20,35%-ға төмендеді.
"LPG Дистрибьюшн" ЖШС баллондағы сұйытылған мұнайлы газдың бөлшек сату бағасын ҚҚС есептегенде 100 теңгеге дейін, немесе 17,02%-ға, көлікке жанармай құюға арналған сұйытылған мұнайлы газ бағасын ҚҚС есептегенде 43,19 теңгеге дейін, немесе 18,72% төмендетті.
"Астанаэнергосбыт" ЖШС 7 наурыздан бастап электр қуатының бағасын арзандатты. Бұл туралы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Электр қуатына орташа тариф ҚҚС есептегенде 1 кВт үшін 13,80 теңгені құрайды, бұл алдыңғы тарифтен 6 тиынға немесе 0,43%-ға төмен.
Тұрғындар үшін электр қуатының орташа жіберілім бағасының арзандауы орташа алғанда 13 тиын немесе 0,97%-ға, басқа тұтынушылар үшін орташа алғанда 5 тиын, немесе 0,26% құрады.