Себебі 20 жастағы жігітті қағып өлтірген Гелендвагенің нөмірі аяқасты жоқ боп кетіпті. Бұған шамданған марқұмның туыстары мен оқиға куәгерлері шу шығарып, полицияға нөмірді қайта таққызды. Әділдікті талап еткен адамдардың ашуынан секем алған тәртіп сақшылары қосымша күш тартып, көшені жабуға мәжбүр болды. Куәгерлердің айтуынша,қымбат Гелендвагеннің 20 жасар жүргізушісі, марқұмды жаяу жүргіншілер жолағында қағып, қылмысын жасыру үшін жол ортасына сүйреп әкелген. Ішкі Істер департаменті, ажал құшқан жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті дейді. Кейін ағайын-туыс бауырларының денесін мәйітханаға бермейміз деп қиғылық салды.
Loading...