Астанада Германия ғалымдарының «Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер» атты фотокөрмесі ашылды

«Германияның Қазақстандағы жылы аясында біз археология саласында да ықпалдастықты күшейтуге тырыстық. Германияның ғалымдары Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерінің көмегімен археологиялық зерттеулер жүргізді. Фотокөрменің негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыру», дейді Германияның Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер.

Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында табылған 47 құнды жәдігер қойылған.
Германия ғалымдарының Орталық Азия өңіріндегі 5 жылдық археологиялық жұмысының жемісін көрсететін фотосуреттер көрмесі бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін шарлап, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласына келген болатын.