Астанада ғалым Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі Әлкей Марғұлан асқан дарынды ғалым болуымен қатар, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнер саласында аянбай еңбек еткен тұлға. Сонымен бірге, Әлкей Марғұлан - қазақстандық археология мектебінің негізін салушы болып саналады.

2004 жылы Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілді. 2005 жылы елордадағы №40 орта мектепке ғалымның аты берілді. Ал 2006 жылы осы мектепте оның мұражайы ашылды. Академиктің қызы Данель Әлкейқызы мұражайға әкесінің бірқатар жәдігерлерін тапсырған. Тәуелсіздік сарайында өтетін көрме материалдары мектеп мұражайынан алынды, - дейді ұйымдастырушылар.