Астанада Гүлдер, ландшафт сәулеті мен дизайнның IV Халықаралық көрмесі ашылды

Оның аясында алғаш рет «Алтын гүл - 2013» чемпионаты өтеді.

Көрмеге 30 отандық және 40-тан астам шетелдік компаниялар қатысуда. Олардың ішінде Германия, Голландия, Колумбия, Ресей, Түркия, Франция, Эквадор сияқты елдердің гүл өсіру және дизайн фирмалары бар. Олар саябақ құрылысы, ландшафт сәулеті мен көгалдандыру саласындағы бүгінгі флористика үрдістерін көрсетпек. Көрме аясында алғаш рет коттедждер мен қала сыртындағы үй-жайларды абаттандыруға арналған «Village» экпозициясы ашылды. Сондай-ақ көрме аясында тұңғыш рет «Алтын гүл - 2013» атты Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.