Д.Ахметовтың айтуынша, "индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында қысқа мерзімде 1,5 млрд. доллардың 400 жобасы жүзеге асырылды. Қазір 3,5 млрд. доллардың 111 жобасы дайындалып жатыр. Қазақстандық 300-дей кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттар алды".
"Стратегияны жүзеге асыру ел экономикасын келешекті көздеген, бәсекеге қабілетті экономика ретінде басқа қырынан танытуға мүмкіндік бермек",- деді үкімет басшысы.
Көрме 2003-2015-жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды қорытындылау аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрме шеңберінде ғарыш тақырыбына арналған стенд жұмыс істеуде. Онда "КазСат" жер серігі, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы 2005-2007-жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан "Қазғарыш" және "Бәйтерек" АҚ-ның іс қызметіне қатысты ақпараттар ілінген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 44,4 млрд. теңге жұмсалмақшы.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті