Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салынады



"Фармацевтика саласы - біздің серпінді жобаларымыздың біріне жатады. Сол себепті қазір біз Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салғалы отырмыз", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз мемлекеттің қолдауымен табиғи байлықтарымызға негіздей отырып фармацевтика саласын дамыта аламыз", - деді мемлекет басшысы.

Ол Қазақстанның "шетелдерден 350 млн доллардың дәрі-дәрмектерін алып отырғанын" атап өтті.

"Жалпы алғанда еліміздің фармацевтика саласында тауқыметтер баршылық - бағаны әртүрлі белгілейтін делдалдар тым көп. Біз осы проблеманы шешуіміз керек", - деді Н. Назарбаев.