Астанада ірі өрт оқиғасы тіркелді

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды BAQ.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен.

«Тұран 5 көшесіндегі Highwill компаниясының ғимараты өртеніп жатқаны туралы 21:11-де хабар түсті. Оқиға орнына 5 минуттан соң өрт сөндірушілер келіп жетті. Қазіргі таңда екі қабатты ғимаратты қызыл жалын толық шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Өрт 22:45-те сөндірілген.