Астанада ішіп алған полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астанада жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды деп хабарлайды 

"Астанада 7 қазан күні ішімдікке тойып алған полиция қызметкері жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақаттанған адам ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сол күні қолға түскен. Сот санкциясы бойынша ол 2 айға қамауға алынды.


Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша ұсталған полицейдің жетекшілері қатаң тәртіптік жазаға тартылады, олар жұмыстан шығарылуы да мүмкін.