Астанада Исламды жоққа шығарған пастор сот залынан босатылды

Ал Қабдуақасовты қолдауға келген жақтастары бүгін тіпті сот залына сыймай қалды. Кісендеулі күйде жеткізілген 54 жастағы діндарға «діни алауыздық туғызды» деген ауыр бап бойынша айып тағылған еді. Яғни, пірәдар Ислам дінін Мұхаммед пайғамбардың ойлап тапқанын айтып жоққа шығарған. Осы туралы әдеби кітаптар таратып, аңғал адамдарды жат ағымға жетектеген. Десе де Қабдуақасов жазасын түрмеде емес, үйінде жүріп өтейтін болды. Бірақ әр басқан қадамы жіті бақыланып, Астанадан шығуына қатаң тыйым салынды. Қабдуақасов «Благодать» діни ұйымын басқарған Бақытжан Қашқымбаевтың шәкірті. Сектант ұстазы былтыр «экстремизмді насихаттағаны» үшін 4 жылға шартты түрде сотталған болатын. Бұл жолы да пірәдар жазамен келіспей, аппеляциялық шағым жазуға әзірленіп жатыр. 

Ықылас Қабдуақасов, сотталушы:

-7 жыл өте көп. Қатал жаза деп есептеймін. Адвокатпен ақылдасып әрі қарай арызданамыз. Қазір бала-шағамды көргім келіп тұр. 

Loading...