Астанада италиялық хореографтың қойылымымен әйгілі «Эсмеральдо» балетінің премьерасы болады

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қойылымның көркемдік жетекшісі - Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер - Айдар Абжаханов, бас балетмейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

«Эсмеральдо» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондонның Корольдік театрында сахналаған еді.