Астанада италиялық турист адасып кетті

талиядан келген турист Астанада адасып қалып, полицейге жүгінген, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

11.00-де шетелдік турист Рысқұлбеков көшесінде қызмет етіп жүрген автопатруль полицейлеріне көмекке жүгінген.    Полиция қызметкерлері Астана ІІД жедел басқару орталығына хабарласты, ол жерде кезекшіліктегі итальян тілін білетін еріктілер жағдайды түсіндіруге жәрдемдесті.  Итальяндық автобусқа кері бағытқа мініп кеткен болып шықты. 

 Полицейлер  қонақты отельіне әкеліп тастады. Турист жедел көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.