Астанада "Іздестіру" атты іс-шараның барысында бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды - Астана қалалық ІІД

"Криминалдық полиция қызметкерлерінің жүзеге асырған шараларының барысында 15 қылмыскер, соның ішінде Өзбекстанның құқық қорғау органдары қарақшылық шабуылы үшін іздестіріп жатқан Рустамов есімді азамат ұсталды,- деді М. Төлебаев.

Сонымен бірге осы уақытта Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 2007 жылдан бері кісі өлтіргені үшін іздеуде болған Саликов есімді азаматты қолға түсірді. Одан "ПМ" маркалы жауынгерлік тапанша мен оның 11 оғы тәркіленді.