Астанада кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланы аудандық ішкі істер басқармасы заңсыз ұстаған - Бас прокуратура

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Сарыарқа" аудандық прокурорының көмкешісі кезекшілік кезінде ішкі істер басқармасының ғимаратынан Ішкі істер басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы заңсыз ұстау дерегін анықтаған. "Сұрау жүргізу барысында кәмелеттік жасқа толмағандар 25-тамызда таңертеңгі 9 сағатта оларды "Сарыарқа" ауданының ішкі істер басқармасының ғимаратына әкелінгендерін, онда олар 13 сағатқа дейін болғандықтарын түсіндірді. Ғимаратта болған кездерінде бір рет сұрау жүргізілген, сөйтсе де оларды ұстау туралы хаттама жазылмаған",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Ұсталған балалар Ішкі істер басқармасында үш сағаттан артық уақыт болған, осыған байланысты олардың конституциялық құқықтары бұзылып отыр",- деп нақтыланған Бас прокуратураның хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғандарға қатысты тексеру мен сұрау жүргізіліп болғаннан кейін прокурордың көмекшісі "Сарыарқа" ауданының Ішкі істер басқармасының ғимаратынан заңсыз ұйсталған жасөспірімдерді босату туралы қаулы енгізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті