Бизнесінің қамын күйттеген кәсіпкерлер осыны желеу етіп Бас прокуратураға да арызданып қойған. Кейін сот арқылы кальянға қойылған шектеуді алдыртып тастамақ. Бұдан бөлек, осы қорқордың төңірегінде қордаланған мәселені шешудің де оңтайлы жолдарын ұсынды. Яғни, ең бастысы тазалықты сақтау үшін санитарлық нормаларды енгізу керек. Осы орайда кәсіпкерлер әр адам жеке қолданатындай кальянның бір реттік трубкаларын алдыртуға дайын. Қорқор тартуға екі жыл бұрын тыйым салынған болатын. Себебі, санэпидемиологтар кальянға тексеру жүргізгенде адам ағзасына қауіпті 8 аурудың белгілерін анықтаған. Десе де тыйым заңмен бекітілмегендіктен, ресторандарда жұрт қорқордың түтініне әлі тұншығып жүр.
Loading...