Астанада кәсіпкерлердің кеңсесін тонаумен айналысқандар ұсталды


Сұғанақтар осындай кезекті тонаудың үстінде қолға түсті. Елордадағы фирмалардың бірінің сейфін бұзып, ішінен 12 миллион теңгені алмақ болған екен. 4 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты 43жастағы азамат басқарған. Қалған үшеуі 21 жаста. Талай кәсіпкерді тақырға отырғызғандар бұған дейін 38 фирманы тонағандарын мойындады. Қазір олардың басқа облыстардағы қылмысқа қатысы барлығы тексеріліп жатыр.