Астанада Каспий теңізі бойынша экологиялық келісім жобасын жасаушы сарапшылардың бас қосуы өтеді

"Біз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келіссөздерді жүргізе бастадық. Алдағы аптада Каспийді қоршай орналасқан бес мемлекет сарапшыларының кездесуі аясында бұл жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз",- деді Қайрат Әбусеитов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспий теңізінің табанын бөлісу мәселесіне арналған кеңес 23-маусымда Ашхабадта өткен болатын.