Мекемеаралық комиссия - Қазақстан үкіметінің жанындағы консультативтік -кеңес органы болып табылады. Ол мүдделі министрліктер мен мекеме өкілдерінен құралады.
Комиссия іс-қызметінің басты мақсаты - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау және мемлекеттік мекемелер арасындағы ықпалдастықты үйлестіру болып табылады.
Отырыс барысында комиссия мүшелері Каспий теңізіне қатысты бүкіл мәселелер кешені бойынша мақсат-міндеттерді айқындады.