Яғни, қатты ашуға булығып бойжеткенге қалай аяқ көтергені есінде жоқ екен. Кинотеатрдағы бармен қыздың сатқан сусынын жақтырмай жұдырық сілтеген бай баласы қазір тергеу изоляторында жатыр. 22 жастағы жігіттің премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Турагелдиевтың ұлы екенін айта кетейік. Елдің жағасын ұстатқан оқиға Бас прокуратура да қатаң бақылауында. Лауазымды атқамінердің ұлы болса да жазадан құтылмайды деп сендірді олар.
Loading...