Бұл таспаны Астана тұрғыны бірі ұялы телефонға түсіріп алған. Жол бойынан өтіп бара жатқандардың бірі ірі сауда орталығының жанында орналасқан дәмхананың кәуап тұрған сөресінде егеуқұйрықтың жүргенін байқап қалады. Сөйтіп, таспаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Видео СЭС пен прокуратураға да жетіпті. Құзырлы органдар оның иесін май шаммен іздеп жатыр.
Loading...