Астанада Қазақстан тарихынан "Тәуелсіздік дәуірі" республикалық олимпиадасының финалы өтті

Негізгі мақсат- 1991-2019 жылдары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін зерттеуге студенттердің қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қасиеттер мен сыни ойлауды, коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Олимпиаданың мақсатына қол жеткізілді, іріктеу кезеңіне 1000-ға жуық адам қатысты.

Бүгін финалда үздік нәтижелермен 20 адам бақ сынасты. Бас жүлде Қуаныштаев Нұралы, 1 орын Өмірзақ Бақтияр, 2 орын Жолдыбек Ертай, 3 орын Денис Ілияс болды.

Жеңімпаздар электронды кітап, планшет және т. б. бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал бірінші орын жеңімпазына ноутбук табысталды.