Астанада "Торғай" қонақүйі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді. Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер оқиғаның суреттері мен видеосын жіберді.
"12.17-де "Алматы" ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан бесқабатты "Торғай" қонақүйінен өрт шықты. Бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін тартылған мұржа өртенді. 12.23-те өрттің таралуы тоқтатылды, 12.26-да толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов. Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған.