Астанада халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың жеке концерті өтеді

халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың (сопрано) жеке концерті өтеді, деп хабарланды Астана қаласының Мәдениет басқармасынан.

Концертте «Абай» операсынан «Тойбастар», «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариясы, танымал халық әндері орындалады.

Концертке Қазақ халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов), Камералық хор (көркемдік жетекшісі және дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, халықаралық байқаулардың лауреаты Бейімбет Таңарықов, Татьяна Вицинская қатысады.

Бибігүл Жанұзақ қазақ өнерінің жауһар туындыларын шетелде (Франция, АҚШ) насихаттап, әлемдік классикалық шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде орындайтын әнші. Көптеген халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атанды.