Астанада халықаралық бизнес-форум өтеді

Бизнес-форум барысында СПЕКА-ға мүше -елдердің кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен ақпарат алмасу жайы, соның ішінде, сауда-саттық, энергетика, ауылшаруашылығы, транспорт, ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастқ перспективаларын зерттеу жайы талқыланады.

Форумға қатысушылар Орталық Азиялық еркін сауда аймағын құруға, Орталық Азияның біртұтас рыногын немесе Орталық Азиялық Одақ құруға қатысты ұсыныстарды дәйектейді. Ол осынау аймақта экономикалық дамуға, әлемдік экономикаға кірігуге және жеке меншік секторға тың мүмкіндіктер беруге мейлінше қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталады.
Сонымен бірге форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, тікелей инвестицияға септігін тигізу, шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсету мүмкіндіктері қаралады.
Бизнес-форумға ҚР индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев, еліміздің мемлекеттік мекемелерінің жетекшілері мен бағдарламаға қатысушы елдер өкілдерінің басшылары қатысады.
СПЕКА аясындағы халықаралық бас қосу 25-27-мамыр аралығында өтеді.