Астанада "ХХІ ғасыр : Әлемдік элита Н.Назарбаев туралы" атты кітаптың тұсаукесері өткізіледі

Рәсімде ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

"ХХІ ғасыр : Әлемдік элита Н.Назарбаев туралы" атты кітапты "Атамұра" баспасы шығарған. Кітапта әлемдік танымал саясаткерлердің Қазақстан президенті туралы және Қазақстанның тұңғыш президентінің басқаруымен республика қол жеткізген табыстар туралы пайым-пікірлері жинақталған.