Астанада көкек ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігінің қасына тастап кеткен

Өз анасы өзектен тепкен бейкүнә бала осы. Қазір қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.  Тастанды сәбиді түнде қоқыс төгуге  шыққан қала тұрғыны тауып алған. Ер-азамат қалдықтар үйіндісінің жанына жақындай бергенде пакеттің ішінен шыққан шақалақтың шырылын естіген. Дереу полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Қазір баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.


Әсел Шаймерденова, Астана қаласы №1 балалар ауруханасының дәрігері:

- Әзірге баланың жағдайы ауыр. Туылғанына бір-екі сағат қана болғанын байқадық. Далада жатып жаурап қалған. Кіндігі де дұрыс кесілмеген, соған қарағанда анасы үйде босанған болу керек.