Астанада көктайғақтың бірінші күні 38 жол-көлік оқиғасы орын алған

«Тәулік ішінде полицияға 102 хабарлама түсті, оның 38-і расталды. Апат салдарынан екі адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-патрульдік полицейлер наряды күшейтілді. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық әңгімелесу жүргізуде.

Астана ІІД жүргізушілерге жолда жүргенде абай болу және қиылыстар мен жүргінші жолында ерекше абай болу,   жылдамдық режімі мен  қашықтықты сақтау ұсынылды.