Астанада көлігін дұрыс қоймаған әйелді ер адамдар ұрып өлтірді

Бұл туралы ИА “NewTimes.kz” жазды деп хабарлайды стан.кз

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдарға әйелдің көлігін қалай тұрақтағаны ұнамаса керек. Олар әйелге ескерту жасаған. Осыдан соң жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Мерт болған әйелдің көршілері ер адамдардың әйелді шала жансар күйде гараж сыртына апарып тастағанын айтады. Оның денесі 8 тамыз күні табылды

«Сол күн әлі менің есімде. Әйел қатты соққы алған. Ол алған жарақатынан емханада көз жұмды», – дейді жедел-жәрдем қызметкері.

Көршілері қайтыс болған әйелдің артында 2 баласы қалғанын айтады. «Шолпан» дүкенінің сатушысы төбелеске әскерилердің, әлдебір полковник пен бірнеше жауынгердің араласқанынын айтқан. Мұның рас-өтірігі әзірге белгісіз.