Астанада колледж студенттері мен оқытушылары тамақтан уланып ауруханаға түсті


Мамырдың 8-і мен 11-і аралығында 71 адам дәрігерге хабарласты. Олардың бәрінен өткір ішек инфекциясының белгілері табылған.
Айтуларынша, мамандар колледж асханасынан тамақтанған. 8-мамырда оқу орнының асханасын тексеруге кірісті. Тексеру нәтижесінде, тыйым салынған тамақтардың әзірленгені, ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушыларының тапсырысы бойынша дайын тамақ әкелінгені, тамақтарды сақтау режимі бұзылған,ы анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, асхана жабылды.