Астанада Коммунистік партия мен ҚДТ партиясы блогының өкілдері Орталық сайлау комиссиясынан партиялық тізім бойынша дауыс беру қорытындысын толық жария етуді талап етіп пикет ұйымдастыруда

Пикетке шыққан Коммунистік партия мен ҚДТ партиясы блогының жақтастары Орталық сайлау комиссиясының басшылығынан мәжіліс депутаттары сайлауында партиялық тізім бойынша дауыс беру қорытындысын толыққанды жария етуді талап етуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева тек партиялық тізім бойынша 7 проценттік межеден өткен саяси бірлестіктер жинаған дауыс қорытындысын ғана жария еткен болатын.