Астанада көпқабатты үй өртенді, 69 адам қауіпсіз жерге көшірілді

3-8 қабаттар аралығындағы электр кабельдерінің шахтасы өртене бастады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Өрт 1,5 сағаттан кейін сөндірілді. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды. 69 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 12 бала бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТМЖ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 52 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.