Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді


Оны Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Көркем гимнастика федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Катар, Тайпей, Тайланд, Индонезия сияқты 14 елден спортшылар қатыспақ.