Астанада көркем сурет салудан жас таланттарды марапаттау рәсімі өтеді

Шараға «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және көркемөнер саласындағы басқа да белгілі адамдар қатыспақ.

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылмақ. Сонымен қатар ертең оқу орнында байқауға қатысушылардың көркем суреттерінің көрмесі ұйымдастырылмақ. Жас таланттар үшін Астанада есте қаларлықтай арнай үш күннің ішінде түрлі шаралар өткізелетін болады. Оның ішінде балаларға бейнелеу өнерінен шеберлік класстары ұйымдастырылып, олар қаладағы мәдени орындарды аралайтын болады.