Астанада көшеге қойылған велосипедтерді сындырып кеткен


Велотұрақтарға жауапты компания қазір Елордадағы барлық вилосипедтерін  жинап алып кеткен. Жазға дейін қоймада сақтауға мәжбүр. Әйтпесе, бұзақылардың әрекетінен шошып отыр. Оның үстіне қос доңғалақты көлікті жалға алған адамдар оны бүлдіріп кетеді екен. Орындықтарын инемен тесіп, доңғалақтарын қасақана жарған. Жүрісі GPS жүйесімен бақыланатын болғандықтан, тек ұрлай алмапты. Одан қалды жалға уақытында тұраққа қоймаса, жүрмей қалатыны тағы бар. Ал шығынға ұшыраған компания тұрғындардың велосипед тебу мәдениетін үйрене алмағанына өкпелі. Айта кетсек, жарнамасы жер жарған велотұрақ осыдан 4 ай бұрын ашылған еді.