Астанада күйеуі өртеп жіберген келіншекке қан беретін донор керек

Қатты шошынып қалған әйел қазір жасанды тыныстандыру апаратының көмегімен тірі жатыр екен. Тіпті дәрігерлер оның өміріне қатысты қандай да бір болжам айтуға ерте дейді. Күйген дененің жазылуына ұзақ уақыт қажет. Жұмыста отырған 40 жастағы мектеп мұғалімін кеше бұрынғы күйеуі далаға шақырып ұрып, кейін үстіне бензин құйып өртеп жіберген болатын. Отқа оранған әйелге өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, құтқарып қалған. Қаскөйдің өзі әзірге ұсталған жоқ. 

Loading...