Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды. 

"Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды.

Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған. 


Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр.