Бұл туралы бүгін 7-ші Астана экономикалық форумы барысында «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС-нің директоры Бауыржан Жансейітов мәлім етті.
«Жоғары қуаты 50 мегаватты құрайтын фотоэлектрлі модульдерді пайдалану арқылы электр стансасын жобалау және салу жоспарлануда», - деді ол.
Станса аумағы 100 гектарды құрайды. Оны салу үшін жаңаратын энергия көздері пайдаланылатын нысандарды жобалау және салу саласындағы құрылыстарды жүзеге асыруда зор тәжірибеге ие шетелдік инвестициялық компанияларды тарту болжануда.
«Қазіргі таңда дирекция 4 шетелдік инвестициялық компаниямен келіссөздер жүргізуде. Олар аталған жобаны жүзеге асыру үшін өздерінің меншікті және заемдік инвестицияларын, технологиялары мен мамандарын тартуға дайын. Алдын ала есептеулер бойынша тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 100 млн. долларға жетеді», - деді Б.Жансейітов.