Осы салада жұмыс істегісі келетін кандидаттардан қазір резюме қабылдау басталды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қаржылық сауат телеграм арнасының мәліметінше, келесідей бос орындар жарияланған:
- станциялардың ауысым басшылары;
- станция кезекшілері;
- қозғалыс және орталықтандыру диспетчерлері;
- инфрақұрылым мен жабдықтарды басқару орталығының диспетчерлері;
- байланыс және сигнализация техниктері;
- электр монтерлері;
- жол жөндеу учаскелерінің мастерлері;
- жабдық жөндеуші слесарьлар;
- қойма меңгерушілері.
Олар арнайы оқытыла ма?
Барлық маман жұмыс беруші есебінен оқытылады. Теория және практика Қазақстанда және Қытайда өтеді. Курс ұзақтығы - 4–6 ай. Оқу аяқталған соң халықаралық сертификат беріледі және LRT жүйесіне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылады. Жұмыс ҚР Еңбек кодексіне сай рәсімделеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы және т.б.);
- кемінде 2 жыл еңбек тәжірибесінің болуы
Резюмені қайда жіберуге болады?
Резюмені cts.gov.kz сайтына жүктеу керек.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).