Астанада "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы басталды

Бағдарламаны жүзеге асыру барысы жөнінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, отырыста қоғамдық кеңес мүшелерінің есептері, атап айтсақ, шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейітованың, археология институтының директоры Карл Байпақовтың, мәдениеттанушы Мұрат Әуэзовтың есептері тыңдалады.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын президент 2004 жылдың ақпан айында бекіткен. Оның басты мақсаты - еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалану, рухани және білім беру салаларын дамыту. Бағдарламаны жүзеге асыруға 6 млрд 733 млн теңге бөлінген.