Астанада мақтаулы гимназияның оқушылары жаппай астан ұшынды

Мағжанның асханадан шыққан соң іші ауырып, мазасы кеткен. 3-ші сынып оқушысы асқазанына ненің жақпай қалғанын нақты білмейді.

Мағжан Сейітжанов, 3-ші сынып оқушысы:

-Қатты құсқан жоқпын. Котлет жедім. Тұзы жоқ, дәмсіз. 

Ал, басқа балалар үйлеріне «ірімшіктен ұшындық» деп барған. 

Лилия Кравцова, уланған баланың әжесі:

-Көзінің айналасы көгеріп кеткен. Сөйтсем, мектепте дәрігерлер ішін  шайыпты.

Ал іші ауырған 3-ші сыныптың 11 оқушысына дәл осы мектептің алдында дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен. Кейін жағдайлары қалыпты болған соң барлығы үйлеріне қайтарылыпты. Болжам бойынша, оқушылар ірімшіктен ұшынуы мүмкін. Шу шыққан асханада бір топ тергеуші мен СЭС жұмыс істеп жатыр. Тексеру аяқталғанша мамандар мұнда адам баласын жуытпады. Асхана қызметкерлерінің өзі  ішке кіре алмай  жүр.

Әлия Наурызова, аспаз:

-Ештеңе білмейміз. Таңертең 5 жарымда келсек, есікті жауып тастаған.Полиция келді. Бізді алып кетеміз дейді. Не үшін алып кетеді, еш құжат жоқ.

Асхана иесінің мемлекеттік тендерден жеңіске жетіп, жұмысқа кіріскеніне көп болмапты. Ал мектеп басшысы болса, қандай бір шара қолдануға қауқарсызбын дейді.

Елена Шеверняева, №3 м
ектеп-гимназияның директоры:

-Асханадағылар осы 10 күннің ішінде бірнеше рет ас мәзірін және санитарлық талапты бұзды. Заң бойынша мемлекеттік тендерде жеңіп шыққан мұндай кәсіпкерлерге еш шара қолдана алмаймын.

Сондықтан СЭС мамандары да кәсіпкерге аузын ашпады. Тек тексеріс қортындысын күту керек деп қысқа қайырды.

- Не істедіңіздер?

– Тамақ алдық, бәрін алдық, тексердік.

– Таза ма бәрі?

– Жоқ, 3 күннен кейін белгілі болады.

Қазір ұшынған оқушылардың жағдайы жақсы, үйлерінде екен. Ал, мектепте сабақ жалғасып жатыр. Бірақ, асханадағы тексеру аяқталғанша өзге балалардың аш құрсақ жүруіне тура келеді. Себебі мектеп асханасының есігіне уақытша қара құлып салынған.

-Білім министрлігі жуырда мектептерде дәл осындай төмен баға ұсынып, тендерде жеңіске жеткен кәсіпкерлерді шеттетеміз деп сендірген болатын.  Соған сайаспаздар мен ас мәзірін ата-аналар және мектеп директоры таңдауы тиіс. Сондай-ақ, бағадан бұрын, тағамның сапасына ерекше көрінбек. Ал Елордадағы мақтаулы гимназияда оқушылардың астан ұшынуына байланысты шенеуніктер кінәлілердің жазасыз қалмайтын айтып уәде етіп отыр.