Астанада мас жүргізуші аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті

Астанада жүргізуші жылдамдықпен аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде жүргізушінің күрт айналғаны, аялдамаға соғылып, көлік тұрағына кіріп басқа көліктерге зақым келтіргені түсірілген видео тарады.

Loading...

Елорда полицейлері 28 қазан сағат 03:30 шамасында Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында Volkswagen жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлады. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Медициналық тексеріс барысында 31 жастағы ер адам масаң күйде көлікті басқарғаны анықталды.


Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады полицейлер.

Полиция жүргізушілерге көлікті мас күйінде жүргізбеуді ескертті.